Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
Фото: Photographee.eu/Shutterstock.com
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық режимде үкім шығарды, істің егжей-тегжейі жарияланбады, деп хабарлайды Orda.kz Tobolinfo-ға сілтеме жасап.
Ер адам ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмаған балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану») бойынша кінәлі деп танылды. Ол өмір бойы түрмеге кесілді.
Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс туралы наурыз айында белгілі болды. «Не молчи» қоры ер адамның 13 жасар өгей қызын бір жылға жуық зорлағанын хабарлады. Ұйымның мәліметінше, сотталған адам - Лисаковскіге танымал бизнесмен. Ол тіпті 2020 жылы қалалық мәслихат депутаты болған.
Еске салсақ, 2024 жылдың тамыз айында Жетісу өңірінде педофиль үйге кіріп, 12 жасар қызды зорлаған. Алайда сот күтпеген жерден сотталушының әрекетін қылмысқа оқталу ретінде қайта саралап, 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп