Латвия екі жылдан кейін барлық орыс тілді БАҚ-тарды жабады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвиядағы қоғамдық БАҚ арқылы орыс тілінде хабар тарату тоқтатылуы керек. Өткен сейсенбіде елдің жаңа үкіметі жабық есік жағдайында қолдау тапқан Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының бір тармағы осыған арналған.
Rus.lsm.lv бұрын атап өткендей мәдениет министрі Анита Логина : Латвияда орыс тілінде хабар таратуды сақтау керек. Бұл жолы мен жаңа тұжырымдаманы қолдадым, дегенді айтқан.
Сөз болып отырған Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы. 2001 жылдан бері мұндай құжатты Ішкі істер министрлігі төрт жыл сайын әзірлеп келеді. Жаңа тұжырымдама 30 беттен тұратын құжат. Ол ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер тізімі берілген кіріспеден басталады.
Онда Ресейдің Украинадағы агрессиясы, гибридті қауіптер, киберқылмыстар, халықаралық терроризм мәселесі орын алған. Тұжырымдамада осы қауіптердің алдын алу жолын егжей-тегжейлі сипаттайтын он тармақ бар.
Басылым атап өткендей, тармақтардың жетіншісі – Латвияның ақпараттық кеңістігіне төнетін қауіптерді жоюға арналған. Сонымен қатар онда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвияда орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын тоқтату керектігі айтылған.
Құжат Сеймге де, Президент кеңсесіне де жолданған. Ол 1 қазанға дейін қабылдануы керек. Бұл құжатты Сейм қолдаса, ол міндетті болады.
«Саясаткерлер соны басшылыққа алып, қағидаттар мен негізгі басымдықтарды орындауы керек», - деді ІІМ салалық саясат департаменті директорының орынбасары Имант Закис.
Дегенмен, орыс тілді БАҚ иелерінің бәрі әлі де сақталуы мүмкін деген үміттері бар. Кейбір министрлер бұл мәселені сәл кейінірек көтеруді ұсынды.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
- Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады