Әл-Фараби даңғылын қандай өзгерістер күтеді

cover

Алматының 2021 жылғы даму жоспарлары бойынша таныстырылым барысында қаланың басты көшелерінің бірі - әл-Фараби даңғылы қандай өзгерістерге ұшырайтыны белгілі болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, даңғылдың көлік жүретін бөлігіне ешкім тиіспейді. Негізгі жұмыс аумақтық деп аталатын жерлерде (жол жиектерінде, тротуарларда) жүргізілетін болады.

— Біз ағаштарды шудан ғана емес, шаңнан да қорғайтын етіп отырғызуды қарастырдық, - деді Ахмеджанов.

Даңғылдың бойында орналасқан бизнес нысандарына келетін болсақ, спикердің айтуынша, ол жерлерге көлік көп тоқтайды. Аумақ көліктердің көрмесі болып көрінбеуі үшін, қалалық жоспарлау басқармасы «біріктіруді және жаяу жүргіншілерге басымдық беруді ұсынады.

—  Тротуарлар мүлдем жоқ жерлер бар. Сондықтан біз оларды кеңейтеміз, жасыл кеңістіктерге қол тигізбейміз. Тротуарлар 2 - 2,25 метрге дейін кеңейеді, велосипед жолы салынады. Жасыл желекті жерлерге орындықтар қоямыз, - деді спикер.

Ол сондай-ақ бұрын Алматы облысының аумағы болған әл-Фараби даңғылында жеке сектордың кейбір аумақтары қалғанын айтты. Оның орнына Эко-орталық жасау туралы шешім қабылданды.

Ахмеджановтың айтуынша, Тұңғыш Президент саябағына адамдар көпір арқылы өтіп жүр. Болашақта бұл қозғалыстар оңтайландырылады.

Бұдан басқа, Тұңғыш Президент саябағының алдын тұрақты жарықтандыру, орындықтарды жасыл аллеяға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл жағдайда адамдар жолға шықпай, саябақтың бойымен жүре алады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар