Қызылордада жыныстық құлдықта болған қыздың ісі: сауна әкімшісіне үкім шықты

cover Фото: freepik.com

Қызылорда қаласының №2 сотында жыныстық құлдықта болған қыздың ісі қаралып жатыр. Сауна әкімшісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотталушы Ж. бірнеше рет кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айнылысуға итермелеген. Ол жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. 

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот үкімімен сотталушыҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып,  4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген сот шешімінде. 

Белсенді Дина Таңсәрі VIP Status сауна әкімшісінің 2023 жылы дәл осындай қылмыс үшін кінәлі деп танылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша сауна әкімшісі бір жыл өтпей қылмысын қайталаған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар