Қызылордада мектеп оқушысының жыныстық құлдыққа түсуі: Клиенттерге қатысты іс бөлек қаралуда

cover Фото: ЖИ

ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордадағы жаға ұстатқан секс-құлдыққа қатысты тергеу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мәжілісте өткен брифинг барысында журналистер Әділовтен кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген клиенттердің қалай жазаланғанын сұрады. 

«Зорлық-зомбылық бойынша тергеу бірқатар баптар бойынша аяқталды. Кінәлі тұлғалар сотталды. Ал жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен тұлғаларға қатысты іс материалдары бөлек өндіріске бөлінді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тек жауап алу ғана емес, өзге де тергеу шараларын өткізу қажет. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді Санжар Әділов.

Ол полиция жәбірленушімен байланыста екенін айтты. Сондай-ақ жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскендердің аты-жөнін атау-атамауды жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 2024 жылы Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлегені белгілі болды. Мектеп оқушысын жарты жыл бойы жыныстық құлдықта ұстаған. 2025 жылы Қызылорда соты жыныстық құлдықта болған 16 жастағы қыздың ісі бойынша басты айыптыларға үкім шығарды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар