Қызыл кітапқа енген қызғалдақпен суретке түскен әкім жазаланады
Фото:Instagram/ problema_aktobe
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданында аудан әкімі Қызыл кітапқа екенген қызғалдақпен суретке түскен. Әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаеваның қандай қызғалдақ жұлғанын тексеретінін мәлімдеген.
Әкімнің айтуынша, қызғалдақтарды оған қыздары сыйлаған. Қыздар табиғат аясында қыдырып жүріп, сол маңнан гүлдерді терген. Полиция бұл гүлдерді жұлуға тыйым салынғанын мәлімдеді. Өйткені қызғалдақтар Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Гүл ұстап суретке түскен әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
«Анықтау нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен қамқорлық жасау міндеттерін орындамау») әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Түркістан облысында бір құшақ қызғалдақпен суретке түскен әйел 12 млн теңге айыппұл арқалаған еді.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады