«Қыз арыз жазудан бас тартты»: Алматыда 3 жігіт ұрламақ болған қызды көршілері құтқарып қалды

cover Фото: Бейнеден кадр

15 қыркүйек күні түнде Алматыда бір топ жігіт қызды көлікке қинап салып, ұрлап кетпек болған. Алайда сол маңда жүрген көршілер бұған жол бермеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақсай-4 ықшамауданында бір қызды үш жігіт қоршап, көлікке қинап кіргізуге тырысты. Қыз жанұшыра айқайлап, адамдардан көмек сұрап үлгерді. Сол маңда жүрген адамдар оқиға орнына дереу жетіп, жігіттерден қызды арашалап қалды. 

Алматы қалалық полиция департаменті мән-жайдан хабардар екен. 

«Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Жігіт пен қыз бір-бірін бұрыннан таниды. Қыз шағымданудан және арыз жазудан бас тартты»,  деп хабарлады ведомство. 

Айта кетейік, елімізде қыз алып қашуға тыйым салуды көздейтін заң 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Енді қызды некеге мәжбүрлеп, қысым көрсету қылмыстық іс болып есептеледі. 

Еске салсақ, Жамбыл облысында Ұлттық ұлан экс-қызметкерінен 15 жастағы қыз босанды. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар