Қытайлық басшысын ұрған жұмысшыға сот айыппұл салды
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында Қытайлық басшысын ұрған қазақстандық жұмысшыға сот айыппұл мен 500 мың теңге моральдық өтемақы тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мойынқұм аудандық соты Жамбыл облысындағы зауыттардың бірінде жұмыс істеген Қытай азаматына қол көтерген жұмысшыға қатысты үкім шығарды. Жанжал еңбек дауынан басталыпты.
Оқиға 2025 жылдың маусым айында болды. Тергеу материалдарына сәйкес, қазақстандық жұмысшы қытайлық инженерден жұмыс уақыты жазылған табельге қол қоюды сұраған. Алайда басшысы бас тартқанда, ашуға булыққан жұмысшы бірнеше рет оның беті мен денесіне соққы жасады.
Сот кінәлі деп танылған азаматқа айыппұл салды және жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген және кешірім сұрапты. Алайда, қытайлық инженер кешірім беруден бас тартып, моральдық зиян мен өкіл шығындарын өтеуді талап еткен.
Сот айыпталушыны 40 айлық есептік көрсеткіш (157,2 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге және жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы өтеуге міндеттеді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды