Қытайда 16 интернет-алаяқ өлім жазасына кесілді

cover Фото: pexels.com

Қытай екі қылмыстық топтың мүшелерін өлім жазасына кесті. Олар Мьянма аумағында интернет және телекоммуникация арқылы елді алдап, тұзаққа түсіріп келген, деп хабарлайды Orda.kz Синьхуа сайтына сілтеме жасап.

ҚХР сот органдары киберқылмыскерлердің алаяқтық ісін ұйымдастырғанын дәлелдеді. Жоғарғы сот инстанциясының өкілі Ван Бинь баспасөз мәслихатында Мьянманың солтүстігінде жұмыс істейтін ең ірі Мин және Бай туыстық топтарға қатысты сот процестері толығымен аяқталғанын мәлімдеді. Билік органдары әрекеттерінің нәтижесінде екі шекараралық топ жойылды. Екі қылмыстық топтан барлығы 39 адам жауапқа тартылған. Өлім жазасына кесілмегендері өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, Қытайдағы бірінші сатыдағы соттар заңсыз колл-орталықтардың қызметіне қатысты 27 мыңнан астам істі қараған. 41 мыңнан астам күдікті Қытайға экстрадицияланып, жазаға тартылғаны айтылды. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар