Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
MilanoCortina2026 – бейне скриншоты
6-22 ақпанда Милан мен Кортина-д'Ампеццода XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Қазақстандықтар жарыс барысын Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly республикалық телеарналарының тікелей эфирінен бақылай алады, деп хабарлайды Orda.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Тарихта алғаш рет Қысқы ойындарды Италияның екі қаласы өткізеді. 100-ге жуық елден 3000 спортшы қатысады деп күтілуде.
«Қысқы ойындарда» спорттың сегіз түрінен 116 медаль сарапқа салынады. Қазақстанның қазір үш спорт түріне - шорт-трек, коньки тебу және мәнерлеп сырғанауға олимпиадалық квотасы бар.
Бұған дейін біз Қазақстанның 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 12 жаңа лицензия жеңіп алғанын жазғанбыз.
Еске салсақ, былтыр Милан–Кортинадағы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанаты Римде өтті. Пьяцца дель Квиринале алаңында Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла жақты.
Қазақстандық спортшылар Қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде атлеттеріміз барлығы сегіз медаль: бір алтын, үш күміс және төрт қола жеңіп алған болатын.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?