Қырғызстандық тау шаңғы базасында қазақстандық мерт болды

cover Фото: envato

Қырғызстанда «Қаракөл» тау шаңғы базасында қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 27 ақпан күні тау шаңғы трассасында болды.

Полицияға апат туралы хабар беріліп, оқиға орнына тергеу-оперативтік топ дереу жетіп, 43 жастағы Қазақстан азаматының қайтыс болу себебін анықтады. Ол сноубордпен түскен кезде досымен соқтығысып, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиға Ақсу аудандық ІІБ-де ақпараттық тіркеу журналына тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар