Қырғызстанда өлім жазасына кесу мәселесі референдумға шығарылады
Фото: президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтың фейсбук парақшасынан
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайтару туралы шешімді билік емес, халық қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы мемлекет басшысы «Кабар» мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты. Сұхбаттың негізгі тұстарын Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов өзінің Facebook парақшасында жариялаған.
Жапаровтың айтуынша, алдымен бұл жоба қоғамдық талқылаудан өтеді, кейін Конституциялық соттың қорытындысы алынады. Осыдан соң ғана мәселе бүкілхалықтық референдумға шығарылады. Егер референдумда халық қолдаса, парламент заң кодекстеріне тиісті өзгерістерді қабылдап, қажет болған жағдайда халықаралық келісімдерден шығу мәселесін де шешеді.
Билік бұл ретте қатаң процессуалдық кепілдіктерді қамтамасыз етуге уәде беріп отыр: тергеу істері мұқият жүргізіліп, бейне және басқа да айғақтармен дәлелденетін болады, сот процестері ашық өтеді (оның ішінде онлайн трансляциялар қарастырылады), сондай-ақ жәбірленушілердің туыстарының қатысуына мүмкіндік беріледі. Бұл — сот қателіктерінің алдын алу үшін жасалмақ.
Президент бұл ұсыныс тек кісі өлтіру және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстарға қатысты екенін, ал сыбайлас жемқорлық істеріне қолданылмайтынын ерекше атап өтті.
Бұл бастама қоғамда үлкен резонанс тудырды: бір тарап әлсіз топтарды қорғау үшін жазаны күшейтуді талап етсе, енді біреулер бұл қадамның құқықтық және халықаралық салдарына алаңдайды. Билік референдум өткізу тәртібі мен мерзімі туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді.
Аталған бастаманың туындауына 2025 жылғы қыркүйек айының соңында 17 жастағы Айсулуу Мукашеваның қатыгездікпен өлтірілуі себеп болды. Президент бұл істі жеке бақылауына алған.
Үш күн бұрын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдерді өлтіріп, жас қыздарды зорлағандарға өлім жазасын енгізуді тапсырды, енді бұл мәселені қырғыз халқы таразыламақ.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды