Қырғыздардың экс-президенті сотталуына қатысты пікір білдірді
Фото: Facebook/ Алмазбек Атамбаев
4 маусым күні Бішкектегі Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танып, оны сырттай 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Атамбаев жазамен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Атамбаевқа Қой-Таш ауылынан заңсыз жер алып, ол жерде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылды. Сонымен қатар қырғыз соты экс-президентті Бішкек ЖЭО-ын жаңғырту кезінде жемқорлыққа жол берді деп айыптады. Алмазбек Атамбаев Facebook парақшасында жазба жариялап, билікті сынады.
«Мен ешқашан Қырғызстанның мүдделеріне опасыздық жасаған емеспін. Мен саналы түрде саясаттан бас тарттым және мемлекеттік істерге араласпаймын. Бірақ қазіргі билікте отырғандар үшін бұл жеткіліксіз болып шықты. Олар мені, менің жақтастарымды, жақындарымды қудалауын доғармай жатыр. Бұл әділдікті іздеу емес, керісінше кек алу тәсіліне көбірек ұқсайды», - деп жазды экс-президент.
Айта кетейік, Атамбаевқа тағылған айып бойынша тағы бірнеше адам сотталды. Бұрынғы президент бұл жағдайға да бей-жай қарамай, жазбасына қосыпты. Әрі ол өзін жазықсыз айыптап отырғандарды жазғырды.
«Мен отбасыммен, жұбайыммен және балаларыммен мақтанамын. Фарид Ниязов, Ирина Карамушкина және басқа да өз жақтастарыммен мақтанамын. Мен олардың азап шегуіне, қудалануына еріксіз себеп болғаным үшін кешірім сұраймын. Президент Садыр Жапаров мені сыбайлас жемқорлықтан кісі өлтіруге дейінгі көптеген басқа қылмыстар үшін айыптады. Сондықтан мен билікке нақты талап қоямын. Менің ісімді Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа жіберуі керек. Мен ол соттың алдына жеке келіп, саяси айыптаулардан бастап қылмыстық істерге дейінгі барлық айыптар бойынша жауап беруге дайынмын. Барлығы шындықты білсін», - деді Атамбаев.
Экс-президент биліктегілер адал болса халықаралық трибуналардан қашпауы керегін түсіндірді. Сонымен қатар ол айыбы нақтыланса темір торға қамалуға да ниетті екенін жеткізді. Атамбаев жазықсыз ұсталған адамдардың ісі қайта қаралуын талап етті.
Айта кетейік, Атамбаев сырттай 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік марапаттарынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды