«Куәгерлер қорқады»: Хасан Қасымбаевтың сотында жәбірленуші тарап куәларға қысым түскенін айтты
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Талғар қаласында Хасан Қасымбаевқа және серіктеріне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы әдеттегідей судьяға Түкібаеваны соттан шеттету жайлы уәжден басталды. Хасанның қорғаушылары әдеттегідей оң жауап ала алмады.
Сот отырысына Orda.kz тілшісі қатысып қайтты.
Бір жарым айға созылған сот отырысында куәлардан жауап алу аяқталды. Судья Айнагүл Түкібаева жәбірленушілер мен куәгерлердің жауабын баспасөз бетінде жариялауға тыйым салған болатын. Сонымен қатар куәгерлер де аты-жөнін жариялауға қарсылық танытты. Сол себепті оқиғаның мән-жайы айтылмайды.
Өткен сот отырысында сот-медициналық сараптама жасаған сарапшылардан жауап алынған.
Атышулы істе сотталушылардың адвокаттары осымен сегізінші рет судьяны ауыстыруды сұрады. Алайда олардың өтініштері қанағаттандырылмады, сот процесін ары қарай да судья Айнагүл Түкібаева өзі жүргізеді.
Адвокат тергеу мен сараптама кемшіліктерін сынады. Оның сөзінше, Әлімовтің ісінде дәлелдер жеткіліксіз. Алматы облысында қаралып жатқан Әлімовтің ісінде адвокат Е.Меңдешев тергеу және сараптама материалдарында кемшіліктер бар екенін айтты. Оның пікірінше, қылмыстық іс нақты дәлелдерге емес, болжамдар мен жорамалдарға сүйеніп құрылған.
Адвокат мәлімдегендей, медициналық құжаттарда Әлімовтің көру қабілетінің төмендегені дәлелденбеген. Сарапшы Абдулкәрімов өзінің қорытындысында көру қабілетінің нашарлағанын растаса да, әдістемеге сәйкес бұл денсаулыққа келтірілген зиян ретінде есептелмейді. Сонымен қатар, рентген және КТ суреттерін зерттеу жасалмаған. Алайда сарапшы оларды зерттегендей көрсеткен.
Тағы бір дәлел, Талғардағы медициналық құжаттарда тоғызыншы және оныншы қабырға сынған деп жазылған. Бір жылдан кейін Әлімов «Флексис Мэтт»-те КТ жасатқан, ал онда тек оныншы қабырғаның сынғаны анықталған. Бәрімізге белгілі, сүйек сынғаннан кейін сол жерде сүйек мүйізгегі (костная мозоль) пайда болады, ол ешқашан өздігінен жоғалып кетпейді. Сарапшы Халимназаров (ол Бишімбаев ісіне де, Шерзатты өлтіру ісіне де қатысқан тәжірибелі маман) өз қорытындысында Әлімовтің тек оныншы қабырғасы сынғанын растаған. Ал қосымша сараптама жасаған сарапшы тоғызыншы қабырғаның сынғанын қайдан алғанын кешегі сотта түсіндіре алмады. Яғни, бүкіл іс нақты дәлелдерге емес, болжамдар мен жорамалдарға, тіпті қауесетке сүйеніп құрылған. Ал осының негізінде қазір Қасымбаевты жауапқа тартпақ», – деді адвокат Е. Меңдешов.
Қорғаушы Е.Г.Мендешев Талғар аудандық сотына Х. Н.Қасымбаевқа қатысты іс бойынша ерекше өтініш білдірді. Өтініште басты куәгер О.О.Побережный 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасының аумағын кесіп өткенін нақтылау үшін ҰҚК-ге сұрау жолдау талап етілді. Сонымен қатар, Алматы облысы ПД УБОП 2-бөлім бастығы А.Т.Қоқамбековтің қызметтік жалғандық жасағаны туралы жеке қаулы шығару және алдын ала тергеуді аймақтағы ҰҚК-нің жемқорлыққа қарсы қызметіне жолдау ұсынылды.
Мендешевтің айтуынша, куәгердің шетелге кеткені туралы ПД рапорты мен шындық арасында қайшылықтар бар. Қорғаушы куәгердің нақты қайда болғанын анықтап, сотқа заңды мәлімет жеткізуді талап етуде.
Сот өтінішті қарастырып, тиісті шешім қабылдайды. Өтініштің мақсаты — куәгердің дәлелдері дұрыс тіркелгенін қамтамасыз ету және қызметтік жалғандық жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
Жәбірленуші Арман Әлімовтің анасы Күнайым Әлімованың айтуынша, іс бойынша куәлік етіп жатқан тұлғаларға қысым көрсетіліп жатыр.
Күнайым Әлімованың айтуынша, кейбір куәлар онлайн қатысып, ашық куәлік беруден бас тартып жатыр. Айыпталушылар сотқа дөрекі, қарапайым сыйластық танытпай, кейде қатыспай немесе «ауырып қалдым» деп жалған сылтау айтады. Қорғаушы бұл әрекеттерді сотты елемеу және іс материалдарын бұрмалау ретінде бағалады.
«Куәлар қорқады, өйткені әділ сот болатынына сенбейді. Айыпталушылар өздерін бостандыққа шығаратына сенімді. Олар сотқа бей-жай қарап отыр. Келгісі келсе келеді келгісі келмесе ауырып қалдық деп айта салады», — деді жәбірленушінің анасы.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы тарап істегі 20 парақ жоғалып кеткені жайлы айтқан болатын. Айыпталушы тарап судьяға барынша қарсылып білдіріп, сот залына тілшілерді кіргізгісі келді.
Еске сала кетейік, Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұстау изоляторына қамалды. Ол ММА жауынгері Арман Әлімовті ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ұсталған. Қасымбаевтан бөлек Нұрмұхамет Сұлтанбеков, Мадияр Қалымжанов, Данияр Асқаров, Сайлау Ақтанов есімді азаматтардың да бұл қылмысқа қатысы бары анықталды.
Orda.kz істі ары қарай қадағалап, ақпарат таратуды жалғастырады.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
- Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді
- ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?