ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ

cover Фото: ҚР СІМ мұрағаты

Қазақстан мобилизация кезінде елден кеткен ресейліктерді кері қайтару туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеп, БАҚ-та тараған мұндай ақпараттарды қауесет деп атады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық ережелерге сәйкес әрекет етеді. Алдымен шетел азаматтары баспана іздеуші тұлға мәртебесін алады, содан кейін уәкілетті органдар шешім қабылдайды. Егер адам бұл шешіммен келіспесе, ол сотқа жүгінуге құқылы. Тек содан кейін ғана оны отанына қайтару мәселесі қаралуы мүмкін.

Еске салсақ, Ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті уақытша тұруға берілетін жалған рұқсаттар туралы қылмыстық істі тергеп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. 

Көрші мемлекеттің журналистері бұл соғыс басталғалы Қазақстанға келген кейбір ресейліктердің депортациялануына әкелуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірген. Олардың айтуынша, іс бойынша куәгер ретінде әскер жасындағы ондаған Ресей азаматы өтуде.

Осы жағдайдан кейін ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеме жасап, таралған қауесетке нүкте қойды. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар