Көз жұмған 24 әзірбайжандыққа сот-медициналық сараптамасы жүргізіледі

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау қаласының маңында ұшақ апатынан мерт болған үш экипаж мүшесі және 21 жолаушының денелеріне тиісті сараптама жүргізіледі, деп хабарлайды Orda.kz. 

Марқұмндардың денесі Отанына жеткен бойда, Әзірбайжан денсаулық сақтау министрлігінің сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің бөлімшелеріне жөнелтілді. Бірлестіктің үш бөлімшесінде мәйіттерге қайта тексеру жүргізіледі.

Айта кетейік, қаза тапқандардың денесі сот-медициналық тексеруден өтеді. Кейін сараптама қорытындысы Әзірбайжан бас прокуратурасының тергеу басқармасына ұсынылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар