Қостанайда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған марқұм Сәлима Жұтаевамен қоштасты

cover Фото: марқұмның парақшасынан

29 желтоқсанда қостанайлықтар Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан Сәлима Жұтаевамен қоштасты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сәлимамен қоштасу облыстық Аймағамбет қажы Спанұлы атындағы мешітте өтті. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің әлеуметтік даму басқармасы хабарлады.

«Қостанай облысының әкімдігі мезгілсіз кеткен жерлесіміз Сәлима Жұтаеваның туған-туыстарымен және жақындарымен тұрақты байланыста болып, тасымалдау, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және еске алу шараларын өткізуге қажетті ұйымдастырушылық және материалдық көмек көрсетті. Біз оның отбасымен, жақындарымен бірге қайғырамыз», - деді Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысы міндетін атқарушы Динара Қарымсақова.



Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer ERJ-190 ұшағының бортында қаза тапқан Қазақстан азаматтардың есімдері ресми түрде жарияланған болатын. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тумасы Астана қаласының тұрғыны мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жұтаева бар еді.

Сәлима Жұтаева Қостанайда ортодонт-дәрігер болып жұмыс істеген. Науқастардың айтуынша, Сәлима дәрігер ретінде керемет, сезімтал және көмегі көп адам болған. Марқұм 29 жаста еді.

 

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар