Қостанай әуежайы акциясының 50 пайызға жуығы аукционға шығарылды

cover

Лот аукционға шығарылып, Қостанай облысы әуе айлағының 49% жай акциялары сатылып жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазір А.Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының балансында. 

Сатушы – Қостанай облысының қаржы басқармасы. Бастапқы баға қазірдің өзінде 4,7 млрд теңге көлемінде. Бүкіл әуежайдың нарықтық құны 9,6 млрд теңге. Деректер бағалаушы компанияның биылғы жылдың ақпан айында жүргізген бағалауына сәйкес берілген.

Әлеуетті қатысушы болу үшін 110,8 млн теңге төлеу керек. Өтініштер 2024 жылдың 26 ​​қыркүйегіне дейін қабылданады. Аукцион сол күні өтеді. Сатылымға шетелдіктермен қоса  жеке және заңды тұлғалар да қатыса алады.

Айтпақшы, 2022 жылы әуе айлағы Қостанай облысы әкімдігінің «2021–2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен жекешелендіруге жататын нысандардың тізіміне енгізілген болатын. Құжатқа сәйкес, 2024 жылы акционерлік қоғам акцияларының 49 пайызы жекешелендірілуі тиіс.

Айта кетейік, ҚР Көлік министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 20 азаматтық әуежай бар. 10 әуежай мемлекеттік, тағы бес әуежай сенімгерлік басқаруда, бүгінгі күні Қазақстанда бес жеке әуежай бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар