Қоспаев ҰҚТ мүшелері базар жерін саудалаған алаяқтығы үшін сотталды

cover Фото: Orda.kz

Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелері алматыдағы базардың жерін саудалағаны үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Қоспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Алматыдағы «Никольский» базарында орналасқан Nikolsky Investment компаниясына тиесілі жер телімі мен мүлікке қойылған шектеулерді заңсыз алып тастаған.

Жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер телімін әрі қарай сату мақсатында жалған адамдардың атына қайта рәсімдеген.

«Алайда 2025 жылдың қыркүйек айында Аслан Пухаев, Антон Соловьёв пен Жақсылық Сәрсенбаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ақпараттық жүйесіне жалған мәлімет енгізу арқылы аталған тыйымды заңсыз алып тастаған»  деп жазылған хабарламада.

Сот оларды 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Жер телімі мен мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Еске сала кетейік, Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты басты сот талқылауы Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Көпшілікке Болат Назарбаевтың «оң қолы» ретінде танылған Қоспаевтың ісі ресми және бейресми себептерге байланысты жабық режимде қаралған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар