Көші-қон қызметінің басшысы Дөненбаева және тағы 2 адам сотталды

cover Фото: t.me / egovpress

8 тамызда Семей қаласының №2 соты Абай облысының көші-қон қызмет басқармасының басшысы Г. Дөненбаева, осы басқарманың аға инспекторы Р. Садықов және Семей қаласының көші-қон қызмет бөлімінің инспекторы А. Нурахметоваға қатысты үкім шығарды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сот шешімі бойынша, Дөненбаева Садықов арқылы Нурахметованы лауазымға тағайындау үшін 1 000 доллар көлемінде пара алғаны анықталды.

«Дөненбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Нурахметова – 3 жылға, Садықов – 3 жыл 6 айға сотталды. Сонымен қатар, сотталғандар арнайы шендерінен және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы қызметтерінен айырылды» деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар