Қошанов: қаза болған кеншілер отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі
Мәжіліс басшысы Ерлан Қошанов Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуын тіледі.
Оның айтуынша, кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
«Бұл мәселе мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті тапсырма берді. Кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылып, жұмысын бастады. Бұл факті бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында мәжіліс депутаттары да бар» деп жазды Қошанов.
Ол сондай-ақ президенттің «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырмасына тоқталды.
«Оларға қарасты кәсіпорындарда адам шығыны мен жазатайым оқиғалар жиілеп кетті. Бұл ең алдымен осы компанияның жауапкершілігі. Сондықтан депутаттар бұны Президенттің дұрыс шешімі деп толықтай қолдайды. Мемлекет үшін адам өмірі мен денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ, осыған байланысты еліміздегі барлық инвесторлар мен өндірістік компаниялар осы ұстанымды басшылыққа алуы керек», - деп баса айтты Мәжіліс төрағасы.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды