Бұл коронавирустың төртінші толқыны – Бекшин

cover

КВИ жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн-брифинг өтті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырғандар санының артқанын мәлімдеді.

– Алматыда жыл басынан бастап 2 шілдеге дейін 56 000-нан астам коронавирус жұқтырғандар тіркелді. Маусым айында – 4573 жағдай тіркелді. Динамика бойынша індеттің дамуы байқалады. Соңғы екі аптада коронавирус індеті 2, 1 есеге өсті. Бұл 1142 жағдайдан 2377 жағдайға дейін өсті. Соңғы тәулікте коронавирус індетінің 353 жағдайы анықталды, тәуліктік өсімі 0,4 пайыз болды, - деді Бекшин.

Жандарбек Бекшин төртінші толқынның басталғанын айтып, мұны коронавирустың «дельта штаммымен» байланыстырды.

– Біздің ойымызша бұл төртінші толқын. Өткен үшінші толқынның басты себеі – британ коронавирус қоздырғышы болды. Ол басылмай төртінші толқын басталуда. Оның басты себебі британ штаммына үнділік «дельта» штамы қосылып жатыр. Қазіргі таңда қала бойынша 85 сынамасында «дельта» штамы анықталды. Коронавирустың альфа штамы делта штамымен орын ауыстырды.

Біз жағдайды қараған кезде 18 маусымда анықталған Нью-йорк пен оңтүстік Африка штамының өсуі байқалмайды. Әрине, біз маусымның 26-да нөмірі 19 қаулысы шығарылды. Сол қаулы бойынша біз шектеу шараларын күшейттік, - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар