Қордайда 15 жастағы қызды былтыр өз әкесі, биыл кіндік әке-шешесі зорлады
Фото: freepik.com
Қордайда 15 жастағы қызды кіндік әке-шешесі зорлап, оның көзінше жыныстық қатынасқа түскені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы адвокат Азамат Талғатұлы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Адвокат қызды өткен жылы өз әкесі, ал осы жылдың наурыз айында кіндік әке-шешесі зорлағанын мәлімдеді. Күдіктілер қыздың үйіне жиі келіп, аралас-құралас болған. Олар кәмелеттік жасқа толмаған қызды еркінен тыс қинап, ішімдік ішкізіп, кейін зорлаған. Биыл мұндай сұмдықты көрген қызды былтыр өз әкесі зорлаған еді.
Бұл күдіктілер қыздың анасымен жақын араласқан. Жантүршігерлік оқиға болатын күні де қызды анасынан өздері сұрап әкеткен. Тіпті әйелді алдап, қарызға ақша да алған. Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы жағдайдан кейін жәбірленуші қыз туыстарына бар жағдайды айтып берді. Осы іс бойынша Қордай аудандық полиция бөліміне арыз жазылып, КР ҚК-нің 121-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
Еске салайық, Атыраудың Ракуша ауылында ер адам өгей қызына 5 жыл бойы жыныстық сипаттағы іс әрекеттерді зорлықпен жасап келгені белгілі болды.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема