Көкшетаудағы мектеп әжетханаларына бейнебақылау камералары орнатылды
Фото: ©️ instagram/sinegor.kz
Көкшетаудағы № 6 мектеп-лицейде әжетханаларға бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл жайт ата-аналар арасында қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Orda.kz порталы sinegor.kz. сайтына сілтеме жасап.
«№6 мектепте әжетханаларға камера орнатылды, бұл қай бассыздық! Әкімшілік пен оның жауапкершілігі қайда? Ата-аналардан рұқсат сұралмады. Камера жоғарыда ілулі тұр , одан адам көрінуі мүмкін. Ең болмағанда басы көрінеді», - деп ашуланды мектеп оқушыларының кейбір ата-аналары.
Алайда мектеп әжетханасынан түсірілген видеоға түсініктемелерде көптеген қолданушылар бейнекамера орнатуды қолдаған.
«Ата-ана ретінде мен камера орнатылғанын толығымен қолдаймын, олар балалардың құқықтарын қорғау үшін орнатылды және олар келесі мақсаттарды көздейді:
1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: қорқыту, төбелес немесе басқа да жанжал жағдайларының алдын алу.
2. Мүліктік залалдың алдын алу: вандализм және мектеп мүлкіне зиян келтіру оқиғаларын азайту.
3. Тәртіпті сақтау: камера оқушыларға тәртіп сақтауды еске салады.
4. Оқыс оқиғалар: Бейнебақылау оқыс оқиғаларды тергеуге көмектеседі», - деп жазды ата-аналардың бірі.
Алайда мектеп әжетханасындағы камераға қатысты түсініктемелерде көпшілік бейнекамера орнатуды қолдаған.
Мектеп әкімшілігі ер балалар дәретханасына бейнекамера орнату «оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және ол білім басқармасы басшысымен балалардың құпиялылық құқықтарын сақтау шартымен бұрын келісілген», деп түсіндірді.
«Камера кабиналардың ішкі кеңістігі бейне көру аймағына түспейтіндей етіп орнатылған. Мұндай шешім қабылдауға бірнеше рет вандализм оқиғалары, сондай-ақ екі рет ұрыс-керіс пен жасөспірімдер арасындағы жанжал салдарынан бірнеше оқушының қатаң бақылауға алынуы себеп болды. Ата-аналар комитеті мен кеңес өкілдерінің отырысы 25 қарашаға белгіленді. Кездесу барысында балалар құқықтарының бұзылмағанын растайтын бейнежазба көрсетіледі», - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
- Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
- Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды
- «Сен сияқтыларды колонияға қамау керек»: Алматы облысында болған оқушы өліміне кім кінәлі?
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды
- Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті күйеуі мен енесі Мәскеуде болуы мүмкін
- Иранда «Оскар-2025»-ке үміткер сценарист ұсталды
- Астаналық «емші» TikTok-тан тапқан ақшасын құмар ойынға тіккен
- Қазақстан азаматтары Үндістанға тегін визамен бара алады
- Алматы облысындағы 13 жастағы қызға жасалған азғындық: Істің жай-жапсары
- Қазақ билігі елден шығарған украиналық Мәскеуде тұтқынға алынды
- Тоқаев Пәкістанға не үшін барады?
- Ақмола облысында жол апатынан көпбалалы жүкті әйел көз жұмды
- Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өртте жоғалған Қазақстан азаматына қатысты СІМ мәлімдемесі
- Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
- Павлодарда салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады