Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр

Алматы облысы Қоянқұс ықшам ауданында ата-аналар жиналып, әкімдікке наразылығын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұрғындардың айтуынша, 6 қазан күні оқушыларды мектепке тасымалдауға арналған жаңа автобус берілуі тиіс болған. Алайда таңғы ауысымда оқитын балалар көлік болмағандықтан мектепке бара алмай, ата-аналар әкімдікке шағымданды.
«Бір апта бұрын «келесі дүйсенбіде, яғни бүгін автобус беріледі, оқушылар тасымалдаусыз қалмайды» деп уәде берген. Бірақ бүгін балалар 30–40 минут күтіп, үйлеріне қайтуға мәжбүр болды», – деді тұрғындар.
Осы мәселеге байланысты Orda.kz тілшісі Алматы облысының білім басқармасына хабарласты.
«Алатау қаласының білім бөлімі Қоянқұс ықшам ауданындағы №14 орта мектептің 244 оқушысын 2025–2026 оқу жылында тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдады. 1 қазаннан бастап автобус техникалық ақауға байланысты уақытша істен шықты, қазір білім бөлімі жедел жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп мәлімдеді ведомство.
Алатау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы ертеңнен бастап тасымалдау қайта жанданатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қоянқұс тұрғындары ықшам аудандағы жағымсыз иіске шағымданып, әкімдікке наразылығын жеткізген болатын. Orda.kz тілшісі ол кезде де оқиға орнында болып, тұрғындардың пікірін тыңдаған еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі тым-тырыс сайлау: Алаштың астанасындағы «демократия»
- Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады
- Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдікті болған үш оқушы ақталды
- Достық – Мойынты теміржолы: Президент Тоқаевты кім алдады?
- Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды
- Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
- Шерхан Қалмұрзаға ғылым министрі грант табыстады
- Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
- Қазақстанда Джеки Чан ойнайтын жаңа «Құдіретті сауыт» фильмі түсіріледі
- Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды
- Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген
- Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
- Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр
- Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды
- Екібастұзда КСРО басшысы Георгий Маленков тұрған пәтер сатылымға шықты
- Таразда әкімдік қызметкерлері мемлекеттік мүлікті заңсыз сатқан
- Дана Әбдірова Перудегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
- Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?
- Салтанат Нүкенованың есімі елдің тарихи тұлғалар пантеонына енгізілді
- БАӘ-де заңсыз мұнай сатқан қазақстандық ұсталып, елге экстрадицияланды