ҚМА Перизат Қайраттың уақытты созып жүргенін мәлімдеді
Коллаж: Orda.kz
«Biz birgemiz Qazaqstan» қорының төрағасына қатысты іс туралы Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Істі тергеу аяқталғаннан кейін (жалпы шығын 3,5 миллиард теңге) қылмыстық процеске қатысушылар материалдарды қарайды. Ал Перизат Қайрат істі қаралуын ұзаққа созып жүрген болып шықты.
«Ол процесті созып, 9 маусымға дейін уақыт белгіленді. Тергеу болды, беттестіру болды... Бізге олар істі созып жатқандай көрінді. Материалдарды өте баяу зерттейді. Танысу процесі аяқталғаннан кейін айыпталушы мен оның адвокаттары өтініш білдіруі үшін үш күн уақыт беріледі. Ал өтінішхаттар қаралғаннан кейін іс прокуратураға жіберіледі және осы қадағалау органы он күн ішінде оны әрі қарай қайда жіберу керектігі туралы шешім қабылдайды», – деп түсіндірді Елемесов.
Ол 9 маусымнан кейін (он күн ішінде) Перизат Қайраттың ісін сотқа беруі мүмкін екенін растады. Белгілі болғандай, тергеу барысында күштік ведомство қызметкерлері 100-ден астам адамнан жауап алған. Ал «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қоры басшысының әрекетінен зардап шеккендердің санын ҚМА төрағасының орынбасары атай алмады.
«Қайырымдылыққа ақша аударғандар көп болды. Кейбір адамдар ресми түрде арыз жазды, бірақ басқалары олай жасамады. Арыз жазғандар ғана жәбірленуші деп танылды», – деп түсіндірді Жеңіс Елемесов.
Еске салайық, Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталды. Сондай-ақ ол соғыстан зардап шеккен палестиналықтар үшін де қаражат жинаған болатын. Кейін белгілі болғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құру үшін басқа да төлемдер болған.
Еске сала кетейік, елдегі ең атышулы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе Мейірман Шекеев жетекшілік еткен қорғаушылар тобының мүшелері бірінен соң бірі істен шеттетіліп жатқаны туралы заңгер Бағдат Амандосұлы хабарлаған еді. Ал Шекеев әріптесінің жұмысқа жауапкершілік танытпай, сот болып жатқанда оның қалада концертте жүргенін айтты.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды