«Қиын жағдайда қалдым» деп туыстарға қоңырау шалатын алаяқтар жазаланады
ІІМ хабарлауынша ендігі жерде қасақана немесе «алданып қалып» банк немесе SIM карталары туралы ақпарат бергендер жазаланады. Банк картасын ұсынған немесе біреуге SIM картасын «сыйлаған» қазақстандықтарды 1152 доллар айыппұл немесе 40 күн қамауға алу күтіп тұр.
Қазақстанда жеке деректерді бергені үшін қылмыстық жаза енгізуді жоспарланып отыр, деп хабарлады ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, заңнамаға енгізілген түзетулер алаяқтарға ұрланған ақшаны қайтаруға көмектеседі, сондай-ақ «қиын жағдайда» қалып, «жылап» туыстарына қоңырау шалу арқылы жасалатын алаяқтықтарды жүзеге асыруға көмектесетін «дропперлермен» күрес тиімділігін арттыруға бағытталған.
Лепеханың айтуынша, өзгертулер абоненттік нөмірді үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ бөтеннің банк картасына «оңай» қолжетімділік ауыр айыппұлдар қарастырады.
Оның айтуынша, әңгіме Қылмыстық кодекстің 205-бабы (Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне заңсыз қол жеткізу) туралы болып отыр, ол жеке деректерді қасақана бергені, банк қызметіне немесе басқа қаржылық жүйелерге қол жеткізуді қамтамасыз еткені үшін жауапкершілік туралы ережелермен толықтырылатын болады.
Оның үстіне жаза ретінде 160 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, биыл – 3450 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Вице-министр сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып, алаяқтар пайдаланатын жалған нөмірлерден шетелдік қоңырауларға тосқауыл қою тетігін іске қосқанын еске салды.
Соның арқасында өткен жылдан бері Қазақстан шетелдік алаяқтардың ел азаматтарына хабарласу әрекетін 37 миллионнан астам рет тоқтатты.
Жаңалықтар
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады