Путин уәдесі: Кенесары ханның сүйегі Қазақстанға қайтарылады

cover Фото: РБК

Кенесары ханның сүйегі табылып, Қазақстанға қайтарылады.

Бұл туралы Orda.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

30 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Келіссөз аясында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентінен осы мәселе бойынша көмектесуін сұраған.

Елбасы кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Путиннің көмектесуге уәде бергенін айтты.

– Келіссөз барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей Президентінен осы мәселе бойынша көмектесуін сұрады. Елбасы қазақтар үшін ханның сүйегі туған жерінде жерленіп, оның жаны тыныштық тапқаны өте маңызды екенін баса айтты. Путин Ресей тарапы бұл жағынан жан-жақты көмек көрсетеді деп сендірді. Оның айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады, - деді Айдос Үкібай.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар