Келесі кезекте — Мексика: Трамп есірткі картельдеріне қарсы күш қолдану операциясы туралы айтты
Фото: Facebook — Donald J. Trump
АҚШ президенті америкалық әскерилер жақын арада Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы құрлықтағы соққыларын жасай бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында жүргізуші Шон Хэннитиге мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамптың айтуынша, АҚШ теңіз арқылы өтетін есірткі тасымалының шамамен 97%-ын тоқтатуға қол жеткізген, енді құрлықта әрекет етуге ниетті.
«Біз картельдерге қарсы құрлықтағы соққыларды бастаймыз. Қазіргі таңда Мексиканы іс жүзінде есірткі картельдері басқарып отыр», — деді ол.
Бұған дейін Трамп Мексика президенті Клаудия Шейнбаумға есірткі картельдерімен күресте америкалық әскерилердің көмегін ұсынғанын, алайда одан бас тартылғанын хабарлаған еді. Мексика билігі АҚШ-тың ел аумағында біржақты әскери араласуын бірнеше рет жол беруге болмайтын әрекет деп атап өткен.
Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы тұтқындалғаннан кейін Трамп «Мексикаға қатысты бір шара қолдану керек» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, елді есірткі картельдері басқарып отыр. Бұған жауап ретінде Мексика тарапы картельдермен күрестегі күштік тәсілді авторитаризм көрінісі әрі фашизмге апарар жол деп атады.
Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде, соның ішінде Мексика мен Колумбияда да есірткі картельдеріне қарсы әскери операцияларды кеңейтуі мүмкін екенін жоққа шығармаған.
АҚШ-тың әскери араласуы қаупі төніп тұрған тағы бір ел — Гренландия. АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет өткен жазда, егер әлемдегі ең үлкен аралды бейбіт жолмен алу мүмкін болмаса, Америка Құрама Штаттары әскерінің Гренландияға басып кіру жоспары бар екенін мәлімдеген еді.
Еске салсақ, Дональд Трамп АҚШ-қа президент болып оралғаннан кейін елдегі туризм кірісі төмендеп, шетелдік туристер ағыны күрт қысқарды.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- АҚШ билігі Мексика шығанағы атауын Америка шығанағы деп өзгертті
- Жаңа тарифтер күшіне енді: АҚШ Мексика, Қытай және Канада тауарларына салық салды
- Сауда соғысы? Канада, Мексика және Қытай АҚШ импортына жауап ретіндегі өз тарифтерін енгізді
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды