ҚазАвтоЖол басшысы өз туған күнінде ұсталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ақша жымқыру фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды» делінген хабарламада.

 Қылмыскерді 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Айта кетейік, Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалған.

Асқар Мұратұлы 1976 жылы 4 сәуірде дүниеге келген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар