Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды

cover Фото: gov.kz

Қазақстандық Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан U21 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстандық спортшы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында (U21) жеңіске жетті. Жарыстың бірінші күнінде 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандастарымыз финалда оңтүстік кореялық спортшы Ян Чжуненнен басым түсті» деп жазылған хабарламада. 


21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет өткізіліп отыр. 3-6 желтоқсан аралығында өтетін жарысқа 79 елден 452 спортшы қатысуда.

Төрт күн бұрын мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады.

«Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін» деп жазылған  құттықтауда.


Еске салсақ, Швейцарияның Цюрих қаласында  Әлем чемпионаты-2026-ның топтық кезеңі белгілі болды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар