Қазақтың көрнекті ақыны Күләш Ахметова дүниеден өтті
Фото: Ербол Қарашөкеевтің инстаграмынан
Қазақстан Президенті ақын Күләш Ахметованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақтың ақын қызы, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметова қайтыс болды. Ол «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған, көптеген кітаптардың авторы, Жамбыл облысының құрметті азаматы.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Ахметованың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Күләш Ахметова өз шығармашылығымен бүкіл өмірін сөз өнеріне арнап, ұлттық әдебиеттің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосты. Оның лирикасы мен патриоттық шығармалары оқырмандардың жоғары бағасына ие болды. Лайықты өмірлік жолдан өткен және бай әдеби мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды» деп жазылған жеделхатта.
Қайғылы оқиға туралы ақын тұрған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өзінің ресми инстаграмында жазды.
«Бүгін қазақ әдебиеті мен қасиетті Жамбыл өңірі орны толмас ауыр қазаға душар болды. 80 жасқа қараған шағында қазақ поэзиясының ақ гүлі, жүректен төгілген жырдың иесі, сыршыл сөздің сөнбес шамшырағы – Күләш Ділдәқызы Ахметова апамыз мәңгілік сапарға аттанды».
Көрнекті ақынның өмірлік серігі Қайырбек Асановқа, отбасы мен жақын-туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтамын. Бұл – тек бір әулеттің емес, күллі қазақтың қабырғасын қайыстырған ауыр қаза, деп мәлімдеді әкім.
«Қазақтың әр шаңырағында оқылған, сан жүрекке тәлім болған Күләш апамыздың әрбір өлеңі – мейірім мен адамгершілікке толы тұтас бір әлем, әрбір сөзі – ұлт руханиятының тереңінен тербейтін қастерлі қазына еді. Оның жырларынан ізгіліктің иісі аңқып, ұлттың тағдыры мен ана тіліміздің тұнық үні қатар естіліп тұратын».
Ол өзі және Жамбыл облысының тұрғындары үшін ақынмен рухани байланыста болу, оның мейірімділігі мен даналығымен сезіну үлкен құрмет болғанын атап өтті. Оның жарқын есімін інілері, апалары және шәкірттері мәңгі есте сақтайтын болады.
«Күләш апамыздың адами болмысы да, ақындық әлемі де – тұтас бір ұлттың мақтанышы. Ол артына баға жетпес мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына қалдырды».
Орда редакциясы қазақтың біртуар ақын қызының отбасы мен туыстарына көңіл айтады.
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді