«Қазақтар футболды түсінеді»: Тигран Барсегян мен Владимир Вайсс сұхбат берді
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден
«КУПС» құрамасын жеңген алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуінің 3-кезеңіне өткен болатын. Ал 6 тамыз, яғни бүгін «Қайрат» словакиялық «Слованмен» ойын өткізеді. Ойын алдында 1 күн бұрын «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Владимир Вайсс пен «Астана» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қазақстандық футбол сүйер қауымға танымал екі тұлға БАҚ өкілдеріне не дейді? Orda.kz тілшісі баспасөз-мәслихатына барып қайтты.
«Слованның» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян өздеріне былтырмен салыстырғанда біршама сенімді екендерін айтты. Оның ойынша, олар биыл тағы да Чемпиондар лигасына шыға алады.
2021 жылы Астана сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде «Қайрат» жанкүйерлеріне ерсі қылық көрсетіп, кейін ойыншы жазаланған болатын. Бұл ісінен кейін 4 жыл өткен соң да Тигран «Қайрат» жанкүйерлерінен ешқандай жылулық күтпейтінін айтты.
«Ешқандай жылулықты күтпеймін. Өйткені мен «Қайрат» ойыншысы емеспін. Өткен іс өтті. Біз барлығымыз адам болған соң қателесеміз. Мұны мен эмоциямен емес, саналы түрде істедім. Одан кейін қорытындылай келе, қателік жасағанымды түсіндім және біз өз қателіктерімізден сабақ алуымыз керек», – деді Тигран Барсегян.
Бірақ бұл қателіктен кейін де Қазақстан оны жақсы көретінін және ол да барлығын сыйлайтынын айтты.
Қазақ футболы
Тигран Барсегянның сөзінше, оның ҚПЛ-да ойнап жүрген кезіндегі «Қайрат» пен қазіргі «Қайратта» айырмашылық бар. Оның айтуынша, қазіргі Қайратта агрессивті ойын стилі қалыптасқан.
«Менің ойымша, қазіргі Қайрат агрессивті ойнайды. Иә, қазір оның сапында көптеген мықты легионерлер мен мықты қазақ футболшылары бар. Ол, әрине, қуантарлық жағдай. Менің ойымша, ең мықты Қайрат Владимир Вайсстың жаттықтырып жүрген кезінде болды».
Футболшының ойынша, Қайраттан басқа командаларда жергілікті қазақ футболшылары өте көп. Бұл да Қазақстан футболының дамуына әсер етеді.
«Мен өз жаттықтырушыма: «Қазақтар футболды түсінеді» деп ылғи да айтамын. Мен Қазақстанда ойнап жүрген кезде жөні дұрыс алаң болмайтын. Ал қазір Қайраттың өзінде керемет академия бар. Мұндай академия тіпті бізде (Слованда) жоқ. Бірақ бұйырса болады».
Тигранның айтуынша, қазақта жас талантты футболшылар көп. Тек психикалық тұрғыдан мықты болуы керек.
«Егер ойыншыда талант бола тұра, психикалық тұрғыдан дайын болмаса, одан ештеңе шықпайды. Мен сіздерде көптеген жас ойыншылар бар және олар ерте ме кеш пе Топ-5 лигада, тіпті Топ-3 лигада ойнайтынына сенемін. Сондай-ақ Ұлттық құрама да алдағы уақытта жақсы нәтиже шығара алады».
Бұрынғы жаттықтырушы не дейді?
«Слован» футбол клубының жаттықтырушысы Алматыға келіп, көптеген ескі таныстарымен қауышқанын айтты. Тіпті Қайрат Боранбаевпен де кездескенін тілге тиек етті.
«Жеребе тарту кезінде әріптестермен бірге кіммен ойнап қалуымыз мүмкін екенін талқылаған болатынбыз. Сол кезде «Қайратпен» ойнап қалатынымызды білмедім. Бірақ кейін «Қайратпен» ойын болатын кезде қатты қуандым. Бұрынғы командама қарсы ойнаймын деп емес, бұрынғы бірге жұмыс істеген адамдармен қайта қауышамын деп қуандым», – деді Владимир Вайсс.
Сондай-ақ, жаттықтырушы қазіргі Қайратпен қос тарап арасынан кімнің мықты екенін дөп басып айту қиын екенін мәлімдеді.

«Қайратта жағдай жақсы деп айтуға болады. Өйткені ода база бар, академия бар, стадион бар. Әрине стадионды ескі деп айтуға болады, жүгіру алаңы болса да ол жердің атмосферасы бөлек».
Еске сала кетейік, бұған дейін тілшіміз Астана мен Челси арасындағы ойынға барып, ойынның қалай өткені жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Грузияда «Батуми мұнай терминалынан» шикі мұнай ұрлаған 3 қазақстандық ұсталды
- Министр болған ЖИ 14 биткойн пара алды деген күдікке ілінді
- Құлыбаев қазақстандықтардың зейнетақысын Domino’s Pizza акциясын сатып алуға жұмсады
- Қызылордада 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған колледж студенті ұсталды
- «Тәтті беріп алдаған»: Оралда 6 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Шымкентте мектеп оқушысы әйелді өлтіріп, денесіне қиянат жасап, қоқысқа тастады
- СҚО әкімі Мыржақып Дулатұлының мемориалы заңсыз салынғанын айтты
- Геннадий Головкин Халықаралық бокстың Даңқ залына енді
- Алаяқтар қалайша рақымшылыққа ілінді?: «Қазақтың Робин Гуды» Сәриев 3 жыл 8 айға сотталды, Дүйсеева сот залынан босатылды
- Өгей әкесі үш баласын азаптағаны үшін төрт жылға сотталды
- Астанада жас қыз көпірден секіріп кетті
- Еуропалық кеңесінің басшысы Антониу Кошта Ақордаға келді
- Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылады
- Таразда сот топтасып қыз зорлаған жасөспірімдердің жазасын ауырлатты
- Риддерде мұғалімдер мектеп басшылығынан қысым көргендерін айтып үндеу жолдады
- Алматыда жер сілкінді
- Қарағанды облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды
- Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салу» туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдырды
- Енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа көз емдеуге тыйым салынады
- Мемлекеттік тапсырыс үшін пара алған Алматыдағы емхана директоры сотталды