Қазақстанның ҰҚК өз қызметкерінен сотта жеңіліп қалды

cover Фото: Gov.kz

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері тұрғын үй төлеміне қатысты дауда жұмыс берушісіне қарсы сотта жеңіске жетті. Енді оған ҰҚК төлем төлеуді жалғастырады, деп хабарлайды Orda.kz.

Әскери қызметтен босатылған соң талапкер баспанаға мұқтаж кезеңі үшін біржолғы төлем алған. Кейін ол қайта шақырылып, ҰҚК-нің Әскери полиция департаментінде қызметін жалғастырды. Тұрғын үй жөніндегі комиссия оның баспанаға мұқтаж екенін мойындап, төлем тағайындаған.

2024 жылы күш құрылымының қызметкері ипотека арқылы пәтер сатып алғаннан кейін комиссия төлемді тоқтату туралы шешім шығарды.

ҰҚК қызметкері бұл шешімді сотқа берген.

«Сот ипотекаға алынған пәтер әлі толықтай талапкердің меншігіне өтпегенін, Қазақстан аумағында басқа баспанасы жоқ екенін және Астанада қызметтік үймен қамтамасыз етілмегенін ескере отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп танып, күшін жойды»,  деп мәлімдеді әскери сот. 

Сот Ұлттық қауіпсіздік комитетіне төлемдерді қайта жалғастыруды және талапкердің сот шығынын өтеп беруді міндеттеді.

Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда атышулы қазақтың «Робин Гуды» Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сотта жәбірленушілер сөз сөйледі. Orda.kz тілшісі сотқа қатысып істің мән-жайын анықтаған бодатын.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар