Қазақстандық жігіт Омбыға бара жатқан жолда жоғалып кетті

cover Фото: Ресей ішкі істер министрлігінің Омбы облысы бойынша басқармасы

Алмат Полтабаев Астанадан Омбыға пойызбен кетіп, кейін байланысқа шықпаған.

Жергілікті полиция оған іздеу салынғаны туралы хабарды жариялады.

Омбыдағы құқық қорғау органдарының мәліметінше, 22 ақпанда Алмат Полтабаев пойызбен Астанадан Омбыға барған, содан кейін байланысқа шықпаған. Ол 20 жаста.

"Іздеудегі адамның белгілері: бойы 180 см, арық денелі, шашы қара. Үстінде ақ күртеше, тоқылған сұр бас киім, ақ капюшоны бар спорттық жемпір, қара шалбар, ақ табаны бар қара етік киген, оның жанында кішкентай көк сөмкесі бар" делінген хабарламада.

Туыстары арыз жазып қойған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар