Қазақстандық бизнесмендер Тоқаевқа тарифтердің көтерілуіне шағымданды
Коллаж: Orda.kz
Қазақстандағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен шағын бизнес өкілдері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жазды. Олар мемлекет басшысынан электр энергиясы тарифінің күрт өсуіне байланысты мәселені шешуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Редакцияға келген видеода еліміздің бірнеше өңірінің кәсіпкерлері электр қуатының бірден қымбаттап кеткеніне шағымданып жатыр.
«1 сәуірде біздің электр энергиямыз алдын ала ескертусіз сөндірілді. Жабдықтардың жөндеуден өтіп, жанып кетпегені жақсы болды - бұл қымбат машиналар, біз полиэтилен құбырларын шығарамыз. Біздің өнім бағасының шамамен 20% -ы электр энергиясының құны. 26 теңге шамасында электр қуатын алдық, қазір бізге 47 теңгеге келісім жасасуды ұсынып жатыр», – дейді Кентаудан келген «Алматы-НС Групп» ЖШС өкілі.
Астанадағы Q-Green инновациялық жылыжай қызметкерлерінің айтуынша, нарық реттелмейтін ЭСО-дан «тазартылғаннан» кейін компания үшін электр энергиясының құны бір жарым есеге қымбаттаған. Жұмысы толығымен энергиямен қамтамасыз етуге тәуелді жылыжай шаруашылықтары үшін бұл зиян.
«Егер кәсіпорын 1,5 МВт тұтынатын болса, онда оның бір жылдағы шығыны шамамен 122 млн теңге болады. Кәсіпорындар тауар құнын көтеруге мәжбүр болады, бұл азаматтардың қалтасына айтарлықтай зиян тигізеді», – деп мәлімдеді Q-Green.
Ақмола облысындағы ұн тартушылар да тарифтің кВт/сағ 32-ден 48 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты алдағы уақытта бағаның көтерілетінін ескертті. Олардың айтуынша, жаңа тариф ұн мен кебектің сатылу бағасына қосылуы керек. Бұл нан бағасы көтеріледі деген сөз.
Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының мүшелері мен кәсіпкерлер Қасым-Жомарт Тоқаевтан мәселеге назар аударып, шағын бизнесті күйреуден, халықты негізсіз қымбатшылықтан, экономиканы инфляцияның үдеуінен сақтайтын құқықтық актілер қабылдауға бастамашылық етуді сұрады.
Ал 2 мамырда Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов электр стансаларында (яғни тұтынушылар үшін) тарифтерді көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз деп мәлімдеді. Бірақ ол тарифтерге Энергетика министрлігі емес, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жауапты екенін еске салды (электр стансаларына қатыстыларды қоспағанда). Ал халық үшін электр қуатының бағасы өзгермесе де, қазақстандықтар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты бизнес тарифтерінің көтерілуін байқайтын болады.
Қазақстандағы кәсіпорындар үшін электр энергиясы тарифтері реттелмейтін ЭСО нарықтан шығарылғаннан кейін күрт көтеріле бастағаны сәуір айының соңында белгілі болды.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп