Қазақстандық азаматтар "әділ тарифтер" атты петиция жариялады

cover

Қазақстан петицияларының ресми сайтында жаңа құжат пайда болды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданған құжатта авторлар тарифтерді халықтың өзі бақылауға алу керектігін атап өтті.

«Біздің әмиянымыз олигархтардың «қорығы» емес. Шенеуніктер барлық энергетика саласын олигархтардың қолына берді, 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап қалған тәуелсіз компанияларды нарықтан шығарды. Бұл туралы азаматтардың ойын сұраған жоқ және «олигополияға қарсы күрес» олигархтардың  әрекеттерін жасырады, олар бәсекелестерді алып тастап, тарифтертерді шағын және орта бизнес пен тұрғындар үшін өсіруде» деп жазады авторлар.

Петицияда құрал-жабдықтардың тозуы артып, тарифтер көтеріледі деп болжанады.

"Осыған нүкте қоятын кез келді! Не істеу керек? 1. Энергетика саласына әділ бәсекелестік қайтарылсын. 2. Халықтық тарифтік кеңестер құрылсын, сонда азаматтар әділ тарифтер қандай болуы керектігін өздері шеше алады. Бізге нақты тариф жүйесі керек. 3. Барлық аймақтық жылу электр стансаларын мемлекет меншігіне қайтару және осы ЖЭО капиталының 49 пайызын облыс азаматтары алуы керек. 4. Барлық тарифтер халықтың бақылауында болу керек!» – дейді петиция авторлары.

Құжатты қабылдау үшін 50 мың қол жинау керек. Петиция 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін талқылауға және қол қоюға ашық.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар