Қазақстандық азамат Германиядағы банктік шоттарды бұзды деген күдікпен ұсталды

cover Фото: Pixabay

Алматы облысында Қазақстан азаматы Германия азаматтарының банктегі шоттары мен дербес деректеріне заңсыз қол жеткізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

9 желтоқсан күні жедел іс-шараларды ҚР Бас прокуратурасының үйлестіруімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Германияның Федералдық криминалдық полициясымен бірлесіп өткізді. 

Алдын ала болжам бойынша, шығын бірнеше жүз мың еуро. Тінту барысында деректерді сақтаудың техникалық құрылғылары және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Айта кетейік, Қырғызстанның Конституциялық соты Жапаров ұсынған өлім жазасын енгізуден бас тартты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар