Қазақстандағы ең үлкен мектептің қазақ тілінде ашылуына ата-аналар қарсы шықты
Фото: Orda.kz
Алматының Бостандық ауданында жаңадан бой көтерген №224 мектеп есігін ашпай жатып-ақ қоғам назарын өзіне аударды. Қаладағы ең ірі әрі заманауи білім ордасы болатын мектепте ата-аналар арасында қай тілде дәріс беру керек екені жайлы дау туды. Бір тарап білім аралас екі тілде де берілуі тиіс десе, екінші тарап тек қазақ тілінде ашылуын талап етті.
Оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі анықтады.
Жаңа мектептің айналасында тұратын тұрғындар бірнеше жыл бойы аудан әкімдігі мен білім басқармасына хат жазып, мектеп салуды талап еткен. Себебі бұл аумақтағы тұрғын үйлер саны жыл сайын артып, балаларға арналған орындар күрт азайған.
«Біздің шағын ауданымызда тек бір ғана мектеп бар. Ол қазір толып кеткен. Сыныптарда 40-42 бала, кейде үш оқушы бір партада отырады. Мектеп салуға өзіміз бастама көтердік. Енді балаларымызға онда орын табылмай отыр. Бізге мектептің орыс тілді болмайтынын айтты», – дейді ата-аналардың бірі.
Ата-аналардың айтуынша, бастапқыда бұл жерде тұрғын үй кешендерін салу жоспарланған. Бірақ тұрғындардың бастамасымен жоба өзгеріп, әлеуметтік маңызы бар нысан – жаңа мектеп салыныпты.
Мектептің ресми ашылуы қарсаңында ата-аналар арасында қай тілде дәріс өтілетіні жайлы дау туған. Әлеуметтік желілерде және жергілікті чаттарда «мектеп тек қазақ тілінде болады» деген ақпарат тараған. Бұл хабардан соң, көршілес үйлердің тұрғындары екіге бөліп, ашық қарсылық көрсетті.
Ата-аналардың айтуынша, жыл басында жаңа мектеп қазақ тілінде ашылады деп жоспарланған. Алайда кейін қазақ және орыс сыныптарына бірдей қабылдап жатыр деген хабар жетті. Ата-аналар аудандағы қазақ мектептерінің тапшылығын айтып, жаңа мектеп тек қазақ тілінде ашылуы тиіс деп санайды.
«Қазақстандағы ең үлкен мектептің қазақ тілінде ашылуына не кедергі? Бұл нысанның салынғандағы мақсаты – болашақ ұрпаққа қазақ тілін дәріптеу емес пе? Біздің ауданда тек №65 аралас мектеп бар, ол да бұрын таза орыс мектебі болған. Бұдан бөлек екі аралас және бір ғана қазақ мектебі бар», – дейді ата-аналардың бірі.
Олардың айтуынша, аудандағы қазақ тілді №140 мектеп Сәтбаев көшесінің төменгі жағында орналасқан және олардың шағынауданына ешқандай қатысы жоқ.
«Соның өзінде ол мектепте орын тапшы – әр сыныпта кем дегенде 35-40 оқушы оқиды», – дейді ата-аналар.
Жиналыс кезінде жағдай ушығып кеткен сәт те болды. Ата-аналар өз талаптарын мектеп директоры Раиза Ахметоваға жеткізіп жатқан кезде, өзін «Алтынай» деп таныстырған әйел ата-аналарға қарсы шыққан. Ara.media-ның хабарлауынша, ол жиын кезінде дауыс көтеріп, №224 мектеп аралас тілде ашылуы керек деп мәлімдеген. Жиналғандар оны «арандатушы» деп атады.
Алматы қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, ата-аналардан өтініш қабылдау қазанның 28-інен басталады. Сондай-ақ, білім беру тілі жайлы мәселені жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың сұранысы мен ауданның ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды. Айта кетейік, барлық мектептерде мемлекеттік тіл – қазақ тілімен қатар, орыс тілі және бір шетел тілі міндетті түрде оқытылады.
Ата-аналар оқыту тілін таңдау құқығын сол тілде білім беретін мектепті таңдау арқылы жүзеге асырады.
Мектептің ашылуы екінші тоқсанға жоспарланғанымен, білім ордасының қай тілде жұмыс бастайтыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, биыл қыркүйек айында дәл осындай жағдай Алматының Бостандық ауданында орналасқан №215 мектепте де болған еді. Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан №215 жаңа жалпы білім беретін мектептің оқу жылын бастағанына екі апта болған кезде әлеуметтік желілерде дау туындаған. Мектеп тек қазақ тілінде ашылды. Қалалық білім басқармасы кейін түсініктеме беріп, орыс тіліндегі сыныптар ашылмағанын айтты. Себебі орысша сабақ өту үшін биылғы оқу жылына қажетті кемі 25 ата-анадан өтініш түспеген.
Жаңалықтар
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы