Қазақстанда террорлықтың «сары» деңгейі жарияланды

cover Фото: Getty Images

Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында террорлықтың «сары» деңгейі жарияланбақ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы хабарлады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтетін болған соң және Астанаға Қытай республикасының президенті Си Цзиньпин келетіндіктен 2 шілдеден 5 шілдеге дейін «сары» деңгей болады.

«Сары» деңгей кезінде қолданылатын шаралар:

- болуы ықтимал террористік және экстремистік күштеу акциялары туралы ақпараттарды жинау, бағалау және тексеру;
- терррорға қатысты басқа да осал объектілерді және тұрғындар жаппай жиналатын орындарды тексеру;
- арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, көліктерде қарап-тексеру іс-шараларын күшейту;
- көшелерде, алаңдарда, стадиондарда және тұрғындар жаппай жиналатын басқа да орындарда, магистральдық темір жол жүйелерінде және өзге де көлік инфрақұрылымының объектілерінде күшейтілген патрульдерді қою;
- болуы ықтимал террористік қауіп-қатерлер мен бұл жағдайда қажетті әрекет туралы тұрғындарды алдын ала ақпараттандыру.
Қауіпсіздіктің бірінші кезектегі шаралары ретінде сақтық танытып, иесіз жатқан, әсіресе сымдар мен техникалық құрылғылары бар нәрселерге (сөмкелер, қораптар, бумалар, қаптар, шабадандар мен т.б.), назар аударуды талап етеді, бұндай жағдайда оғаш көрінген заттарға таянбай, құқық тәртібі органдарына тез арада хабарлау қажет.
Сондай-ақ, ҚР Антитеррор орталығықоғамдық орындар мен көліктерде күдікті адамдарға назар аударып, олардан белгісіз заттар мен сәлемдемелерді сақтауға, беруге және тасымалдауға алмауға кеңес береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар