Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, сот үкімімен Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеген.

Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар