Қазақстанда сирек кездесетін металдардың ірі кен орны табылды
Фото: freepik.com
Қазақстанда сирек кездесетін металдар шығаруда жетістікке жетуге болатын аумақтар табылды. 300 метр тереңдіктегі сирек жер металдарының жалпы болжамды қоры 20,0 млн тоннадан асады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Қазіргі уақытта сирек кездесетін металл өндірісін дамыту үшін 12 учаскеде мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Министрліктің мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарды барлауды – Cove Capital және HMS Bergbau сияқты шетелдік жеке компаниялар қолға алады.
«Сирек кездесетін металдар саласын дамыту үшін 12 учаскеде мемлекеттік геологиялық іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күйректікөл учаскесі жақсы жетістікке жететін кен орнына жатады. Оның қорында лантанидтерді қоса алғандағы 800 мың тоннадай сирек кездесетін металдар бар. Бұл қорды екі есе арттыру әлеуеті бар», – деді министр.
Бұл туралы әлемдік БАҚ-та ақпарат таратып жатыр. Reuters мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан АҚШ геологиялық қызметі дайындаған сирек жер металдары бар елдер тізіміне кірмейді. Егер министрдің сөзі расталса, қор мөлшері бойынша Қазақстан Қытай мен Бразилиядан кейінгі орынға жайғасады.
Еске салайық, Қазақстан соңғы айларда алтын-валюта қорлары ішінен алтынды ең көп сатқан елдер арасында екінші орынға шықты.
Жаңалықтар
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды