Қазақстанда мұғалімдер енді мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді

cover Фото: freepik.com

Тиісті норма педагог мәртебесіне қатысты заң жобасына енгізілді. Құжатты мәжіліс жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, мұғалімдердің жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана сақталады. Сабақтан кейін, каникулда немесе кешкі уақытта болған жағдайлар үшін ата-аналар жауап береді. Бұл президенттің Тамыз конференциясында берген тапсырмасының орындалуына қатысты.

Сонымен қатар, педагогтерді өз міндетіне қатысы жоқ шараларға күштеп тартуға тыйым салу ұсынылды. Есептілікті де жеңілдету көзделген: қағаз бен электронды форматты қатар жүргізу тоқтатылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева подкаста ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар