Қазақстанда 3,5 мың түлекке емтихан болмайды

cover Фото: freepik

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев су тасқыны салдарынан қанша мектеп оқушысы аралық және қорытынды емтиханнан босатылғанын айтты.

Ол үкімет отырысында сөз сөйледі.

«Табиғи төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Атырау (үш мектептен 1531 оқушы), Ақтөбе (9 мектептен 1296 оқушы), Солтүстік Қазақстан (бес мектептен 754 оқушы) облыстарындағы 3581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылды. Қорытынды баға жылдық баға бойынша қойылады»,- дейді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен мектеп оқушылары сауықтыру орталықтарына тегін демалуға жіберілді – қазірдің өзінде 614 адам кеткен, 628-і демалыста. Әлі 3883 бала жіберіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар