Қазақстанда 1242 елді мекенді су басу қаупі бар
Фото: Егемен Қазақстан
Елімізде су тасқыны қаупі жоғары 1242 елді мекен анықталып, қазіргі таңда бес өңірде тасқын қаупі күшейіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министр Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізіп, су тасқынына қарсы іс-қимыл алгоритмін нақтылады.
Сапар аясында өңірде жүзеге асып жатқан бірқатар жобалармен де танысты. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар қалың. Көктемде мұздың күрт жүруі жағдайды күрделендіруі мүмкін. Сонымен қатар топырақтың тоңы әлі толық жібімеген.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, ықтимал қауіптің алдын алу үшін 39 мың адам, 18 мыңнан астам техника және арнайы құралдар дайындалған. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне көшкен. Егер жағдай қиындай түссе, қажетті шешімдер жедел қабылданады.
Сонымен қатар үкімет басшысы кейбір өңірлерде бұл мәселеге салғырт қарап отырған жағдайлар бар екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Биыл БҚО-да су тасқыны бола ма? Мамандар жауап берді
- Ұлытаудағы су тасқыны: 47 миллион теңге шығынға байланысты айыпталған шенеунік сотта ақталды
- Көксу ашулы: Су тасқыны салдарынан даулы ГЭС құрылысы тоқтады
Жаңалықтар
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?
- Түркістан облысында 20 жастағы алаяқ ойын арқылы кәмелетке толмағандардан ақша бопсалаған
- Трамп Иран билігін толық ауыстыруды қалайды
- Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапатына ие болды
- Қазақстанда 1242 елді мекенді су басу қаупі бар
- Ресейде қорғаныс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды
- Ормуз бұғазы маңында шамамен 1000-на астам кеме тұралап тұр
- Иранның жоғары шенді әскери басшысы туралы резонанс ақпарат тарады
- Тоқаев Иранның дроны Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді
- Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты
- Талғарда тағы бір қанды оқиға: Әйел анасымен бірге бұрынғы күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады