Қазақстан тәліптерді халықаралық форумға қатысуға шақырды

cover Фото: үкіметтің баспасөз қызметі

"Талибан" ұйымына  шақырту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі атынан түскен.

Сыртқы істер министрлігі тәліптер маусым айында президенттің төрағалығымен Астанада өтетін халықаралық форумға қатысатынын хабарлады.

"Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан "Талибанның" сауда министрлігінің басшысы Нуреддин Азизиге шақыртуды табыстады" делінген ведомство хабарламасында. 

Қазақстан тәліптерді тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады. Бұл туралы шешім 2023 жылдың соңында қабылданып, қаңтар айында күшіне енді. Сыртқы істер министрлігі ұстанымын тәліптердің БҰҰ тәжірибесіне сәйкес әрекет етіп жатқанымен түсіндірді.

"Талибан" – әлемнің көп елінде тыйым салынған террористік ұйым. Бұл қозғалыс 2021 жылы Ауғанстанда америкалық әскерлер елден шығарылғаннан кейін билікке келді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар