Қазақстан Словакияға уран сатуға дайын
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер нәтижесінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті.
«Өзара тауар айналымын арттыру мәселесі қаралды. Қазақстан Словакияға мұнай, газ, уран, азық-түлік және басқа да тауарларды экспорттауға дайын. Сонымен қатар энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және туризм салаларында бірлескен жобаларды іске асырудың әлеуеті бар. Әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша да мол мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін бірлесе пайдалану мәселесі талқыланды. Мен словакиялық әріптестерді осы жобаға қатысуға шақырдым. Ол екіжақты сауда үшін жаңа мүмкіндік ашады», — деді мемлекет басшысы.
Президент Словакияны Еуропадағы Қазақстанның маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады. Ол экономикалық әріптестікке ерекше мән беру қажеттігін жеткізді. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 140 миллион доллар болды. Қазақстанда Словакия капиталы қатысқан 30-дан астам компания мен 22 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Айта кетейік, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 16–17 маусым күндері ресми сапармен келеді.
Жаңалықтар
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр