Қазақстан президенті жаңа Құрылыс кодексіне қол қойды
Коллаж ЖИ көмегімен жасалған
Құжатта бірыңғай құрылыс порталын енгізу және жобалаудың барлық кезеңінде сейсмикалық карталарды пайдалану қарастырылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Құжатта бірыңғай құрылыс порталын енгізу, құрылыс нысандарына бірегей құрылыс нысаны нөмірін беру, сондай-ақ жобалаудың барлық кезеңінде сейсмикалық микроаудандастыру карталарын пайдалану көзделген.
Жаңа кодекске сәйкес, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзетулер екі жылда бір реттен жиі енгізілмейді. Сонымен қатар құрылыс нысандары сейсмикалық тәуекелді бағалау үшін паспортталатын болады.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалау функцияларын күшейту жоспарланып отыр. Енді олар жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдана алады.
Құрылыс саласындағы сарапшылар үшін сертификаттау жүйесін енгізу және бірыңғай цифрлық тізілім құру көзделген. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері жанынан сәулет-қала құрылысы кеңестері құрылатын болады.
Сонымен қатар, өткен жұма күні президент қол қойған сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері жөніндегі заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның құзыретінен республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе облыстың бас сәулетшісін тағайындауды келісу жөніндегі норма алынып тасталады.
Оқи отырыңыздар:
- Құрылыс салушыларға тұрғын үйді қолма-қол ақшаға сатуға тыйым салынуы мүмкін
- «Пәтер бағасы қатты қымбаттайды»: экономист жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді
- 2026 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда ҚҚС қалай жұмыс істейді
- Қалалық мәслихат депутатының компаниясы Алматыда жеке құрылыс салғаны үшін жазаланады
Жаңалықтар
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды