Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр

cover Фото: gov.kz

Елімізде Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру жүріп жатыр. Референдумдағы халықтың жаппа дауыс беруіне орай Қазақстан полициясының барлығы күшейтілген тәртіпке ауыстырылды, деп хабарлайды Orda.kz.      

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша :

  • Барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді, басшылықтың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.
  • Барлық учаскелер мемлекеттік органдармен бірге алдын ала тексерілді - техникалық, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік тексерілді.
  • Учаскелер тәулік бойы күзетке алынды.
  • Полиция қызметкерлері дауыс беруге арналған үй-жайлардың ішінде болмайды - тек комиссия төрағасының шақыруымен және тәртіп бұзушылықтың жолын кесу үшін ғана кіреді.
«Қазіргі уақытта елдегі жағдай тыныш және ішкі істер органдарының толық бақылауында. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеген», - деп хабарлады Әлекешев. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар