Қазақстан ОПЕК+ талабымен мұнай өндіру көлемін қысқартады
Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстары мен «икемді тәсілдерге» үміт артып отыр, деп хабарлайды Orda.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында асыра өндірілген мұнай көлемін өтеудің жолдарын іздеуде. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қарастырылып жатқан шаралардың қатарында кен орындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ өндіріс көлемін уақытша қысқартуға мүмкіндік беретін басқа да техникалық тәсілдер бар.
«Қазақстан өз міндеттемелерін орындау және артық өндірілген көлемді өтеу бойынша барлық мүмкін нұсқаларды қарастырып жатыр», деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі мұнайдың 70 пайыздан астамы мемлекеттің өндіріс көлемін қысқарту мәселесіне тікелей әсер ете алмайтын үш ірі халықаралық консорциумда өндірілетінін еске салған болатын.
Техникалық шектеулерге қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне берік екенін тағы да растады. 3 маусым күні Ақкенженов ОПЕК Бас хатшысы Хайсам әл-Гайспен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Қазақстанның энергетика министрі елдің ОПЕК+ келісімінен шығуы мүмкін деген қауесеттерді жоққа шығарып, мұндай болжамдардың негізсіз екенін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе күн тәртібінде жоқ және талқыланып жатқан жоқ.
Биылғы 5 сәуірде энергетика министрлігі ОПЕК + уағдаластықтарын қатаң сақтау және көлемдерді нарыққа біртіндеп қайтарудың бұрын келісілген кестесін түзетуге дайындығы туралы айтқан болатын.
7 мамырда ведомство сыртқы қысымның нәтижесі ретінде елдегі мұнай өндіру деңгейін ықтимал түзетуге қатысты БАҚ-та пайда болған хабарламаларға түсінік берді.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі және Ормуз бұғазының жабылуы елеулі экономикалық сілкіністерге әкелуі мүмкін, атап айтқанда, мұнай бағасы барреліне 200-300 долларға дейін көтеріледі.
Сонымен қатар біз жазған қазақ мұнайын өндірген америкалықтардың бұрынғы шенеуніктерге берген парасы туралы мына жерден оқисыз.
Жаңалықтар
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды